Беларусь Республикасында қазақстандық автордың «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабын жоғары бағалады
Минск қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы іс шарасы аясында ҚР-дың БР-дағы Елшілігімен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Л.С.Ахметованың «1941. Брест қамалы. Қазақстан» атты кітабының автордың қатысуымен тұсау кесері ұйымдастырылды.
ҚР СІМ хабарлағандай, тұсаукесерге БР Ұлттық Жиналысының депутаттары, атақты саяси және қоғам қайраткерлері, соның ішінде Қазақстанның Достар клубының мүшелері, академиялық шеңбер өкілдері, қазақ диаспорасы, жергілікті тарихшылар, жазушылар мен тілшілер, сондай-ақ Қазақстандық курсанттар қатысты.
Өзінің сөйлеген сөзінде ҚР Елшісі Е.Бөлегенов аталған еңбектің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында жарық көруінің маңыздылығын айтып және Л.Ахметованың кітабы Ұлы Отан Соғысы тарихын зерттеудегі «ақ таңдақтарды» жоюға үлкен үлес қосатындығын атап өтті. Көптеген он жылдықтар бойында соғыстың аса қатерлі сатысы бастапқы кезеңде қаза тапқан көп мыңдаған қазақстандықтардың аттары белгісіз болып келді. Қазақстандық ғалымның жаңа жұмысы алдында аттары белгісіз болған Брест қамалын қорғаушылардың тізімін айтарлықтай 556 қазақстандыққа толықтырды, олардың жартысы – қазақтар. Қамалды қорғаушы барлық 7 мыңның шамамен мың әскері Қазақстаннан шақырылғандар.
Л.Ахметованың күш салуының арқасында, олардың көпшілігінің аттары, соның ішінде қазірге дейін ес-түссіз жоғалып кеткендер деп саналғандар, олардың батырлық тарихтары, қаза тапқан және жерленген жерлері бүгінде тарихи ғылым мен кең қауымдастыққа белгілі болды. Мұның барлығы автормен мұрағаттық құжаттар және тірі қалғандардың еске түсірулері негізінде жинақталып, жазылғандар.
Соғыстың алғашқы күндері ақ Қазақстан мен Беларусь халқының әскери бауырластығының негізі қаланды. Сондай-ақ, қазіргі заманда, яғни біздің елдеріміз Еуразиялық Экономикалық Одақ құруы жағдайында, әсіресе өңірдегі әскери-саяси тұрақсыздықтың күшеюі кезінде кітаптың өзектілігі арта түсуде.
Барлық сөйлегендер, соның ішінде Ұлттық кітапхананың директоры Р.С.Матульский, БР МҚК ардагерлер кеңесінің Төрағасы, полковник А.П.Васильев және басқалары Қазақстан мен Беларусь халықтарының бауырластық дәнекерінің іргесі болып қала беретін, жас ұрпақты патриотизм мен біздің аталарымыздың ерліктері мысалында тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайтын соғыс туралы естелікті сақтаудағы автордың айтарлықтай үлесін атап өтті. Өз тарапынан, автор Қазақстанның Елшілігіне және барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, Беларусьтің кітапханалары мен кітап қорларына өз жұмысының екі жүз данасын сыйға тартты.
Іс шара шеңберінде Ұлттық кітапханада Елшілікпен ҚР-дың 25 жылдығына арналған және қазіргі заманғы Қазақстанның жетістіктерін, сонымен бірге Президент Н.Назарбаевтың бейбіт және ядроға қарсы бастамаларын бейнелейтін фото көрме ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz