Мазмұнға өту

Жаңа

Жемқорлықпен күрес жастардың көзімен

А.ж. 20 қыркүйекте Көкшетау қаласының орталық алаңында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Көкшетау қаласының мәдениет бөлімімен және Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірқатар акциялар өткізілді, атап айтқанда – аниматорлар ақпараттық буклеттерді таратты, іс-шараға келген жастар мен қала тұрғындары қалау тақтасына өздерінің игі тілектерін жазып, VK әлеуметтік желісіндегі Департамент парақшасының алдында естелік суретке түсті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне төзбеушілікті көрсететін құ…

0
0
349

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетігі ретінде

А.ж. 19 қыркүйекте  Ақмола облысы бойынша  мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі мәслихаттардың депутаттары мен Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен өткен «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің Қазақстанның тәуелсіздігін дамытудағы рөлі» тақырыбындағы облыстық форумға қатысты.

Қ. Жапақов өзінің баяндамасында ведомствоның жаңа қағидаттары әдептілік пен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік екенін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның және жаңа Әдеп кодексінің қолданысқа енгізілуімен халыққа қызмет етуді өз қалауы  ретінде таңдаған азаматтардың  кәсіби тұрғыда өсуіне және  өзін танытуға қолайлы жағдайлар қалыптасқанын  атап өтті.

Іс-шараға 300 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
777

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты. ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді. ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады: - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына о…

0
0
223

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды. Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды. Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады. Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттың мамандандыр…

0
0
568

Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына бақылау күшейтіледі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі құрылыс салушылардың жиын өтті, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі. Іс-шараға Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылыс салушы-компания өкілдері қатысты. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев Холдинг алдына қазақстандықтарды қолжетімді тұрған үймен қамтамасыз ету міндеті қойылғандығығын еске салды. Бағдарламаны іске асыру үшін алдағы 2 жыл ішінде республика бойынша барлығы барлық 1,4 млн. ш.м. немесе 22,5 мың пәтер салу жоспарлануда. Аталған шараны іске асыруға шамамен 200 млрд. теңге бағытталуда. Қазіргі уақытта еліміз…

0
0
339

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түсіндірілді

Үстіміздегі жылғы  19   қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында, аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің шағын залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды сақтау тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова оқыды. Тыңдаушылар дәріс барысында жемқорлық түсінігі, оның түрлері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және олар үшін жауапкершілікпен танысты. Әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Іс-шараға 22 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
293

Спорт – салауатты өмірдің негізі

2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында оқушылар мен жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.Турнир басталмай тұрып қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тармақтары түсіндірілді. Жарысқа 40-тан астам адам қатысты.  Адал да ымырасыз күресте турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оқушылар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды № 1 Егіндікөл орта мектебінің командасы жеңіп алды. Екінші күні жалғасқан жастар арасындағы турнирде техникалық шеберлігі мен ерекшеленген азаматтық қызметшілер командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркомандалары, сондай-ақ, үздік ойыншылар грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
457

И.Тасмағамбетов: Білім беру саласындағы реформа әр адамға жеткізілуі және түсіндірілуі тиіс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты және әлеуметтік саланың маңызды бағыттарының жай-күйін бағамдады. Білім және ғылым министрлігіндегі кездесуде жалпы орта білім беру бағдарламасына үштілділікті енгізу, 12 жылдық білім беруге көшу, ҰБТ-ның тың үлгісі, біртіндеп біртекті біріккен мектепке өту қалай жүзеге асырылады, кәсіби және техникалық білім беруді дамыту, жоғары білім сапасын арттыру және басқа да өзекті тақырыптар қозғалды, деп хабарлады pm kz. Өз кезегінде И. Тасмағамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан бері елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бекітілген аталмыш стратегия отандық білім беру баспалдақтарын толық қамтиды. Макроэкономикалық тұрақтылық пен ел ішіндегі…

0
0
271

Егіндікөл ауданындағы веложарыс

2016 жылғы 16 қыркүйектесыбайласжемқорлыққақарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында Егіндікөл ауылында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбындағы парақшалар таратылып, веложарыс өткізілді. Веложарысқа № 1 және № 2 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Шевцов веложарысқа қатысушыларды республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсатымен таныстырды. Қазақстандықтардың жас ұрпағы – біздің болашағымыз және олар сау моральдық-этикалық қағидаттар: адалдық пен әділдікке тәрбиеленуге тиіс. Біздің халқымыздың, біздің еліміз – Қазақстан Республикасының тағдыры өскелең ұрпақты қалайтәрбиелеуімізге байланысты. Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы «Сыбайлас жемқор…

0
0
526

200-ден астам әділет қызметкерлері Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысады

Қазан айында Астана қаласында Қазақстан судьяларының VII съезі өтеді. Іс-шараға 200-ден астам әділет қызметкерлері қатысады және олардың барлығы Судьялардың этика кодексін қабылдайды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков айтты. «Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының кезектен тыс VII съезін өткізу жоспарланған. Аталмыш съезд төрт жыл сайын өткізіледі. Съездің басты күн тәртібі Этика кодексін қабылдау болып табылады»,-деді судья. Оның айтуынша, Этикалық кодекс мәселесін қабылдау Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» тіркелген. Жоба әзірленіп, қоғам үшін Жоғарғы судьялардың сайтында жарияланды және ол жерде әрбір адам жобамен танысып, өз ұсыныстарын айта алады. Н.Жолдасбековтың айтуы бойынша, Судьяла…

0
0
335