ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Кадет корпусының 300-ге жуық тәрбиеленушісі ант қабылдады

Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында 2016 жылы қабылданған бірінші курстың кадеттерін әскери антқа келтіру жөнінде салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініңң баспасөз қызметі.

Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті. Салтанатты жағдайда 282 кадет әскери ант қабылдады.

«Ақмола облысы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерлері, Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов секілді батырларын мақтан тұтады.  Олар өздерінің ұстанымдарына берік жалынды патриоттар, өз өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен өз істерінің кәсіпқойлары болды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери ант қабылдаған кадеттер өздерінің оқуларын абыроймен аяқтап, мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігіне титтей де болса үлестерін қосатынына сенім білдіреді», - деді Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жанат Ережепов.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы командирлердің бірінші көмекшілері болып табылатын сержанттар құрамының жоғары білікті әскери қызметшілерін даярлау бойынша Орта-Азиялық өңірдегі бірден-бір оқу орны болып табылатынын айта кетейік.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz