Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Н.Нығматулин: Азаматтық қоғам терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын қолдайды

Азаматтық қоғам терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын қолдайды, деп Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмге жол бермеу және күресу үшін заңнамалық және институционалдық шаралар» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

“Терроризм мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек  Қазақстан  ғана  емес, бүкіл әлемдегі проблема.  Сондықтан, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты тапсырмалар беріп, оның   орындалу жолдарын   да көрсетті. Ең бастысы, бұл мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр»,-деді.

Осының нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп,  сапалы, тиімді және өткір заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл Палата үшін ерекше маңызды.

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері,  үкіметтік емес  ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияның мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.

Н.Нығматулиннің айтуынша, соңғы оқиғалар  экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және  қару айналымы мен көші-қон  жөніндегі қазақстандық заңнамаларды жетілдіру қажеттілігі айқындалды.

Сондай-ақ, Мәжіліс спикері  Мәжіліске түскен заңнамаларды  қоғамның ортақ талқылауына салу қажеттігін айтты.

«Мұндай формат  қоғамда  терең қызығушылыққа ие екенін көрсетті», - деді ол.

«Экстремизм және терроризммен күресте қоғамның шоғырланған позициясының маңыздылығын түсініп, Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасының жұмысына мемлекеттік орган өкілдерін ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орталықтардың, бизнес қауымдастықтың, діни бірлестіктердің өкілдерін тартты», - деп атап көрсетті Мәжіліс спикері.

Осының нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп,  сапалы, тиімді және өткір заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл Палата үшін ерекше маңызды!

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері,  үкіметтік емес  ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияның мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
827

Осы тақырып бойынша

Н.Нығматулин: Азаматтық қоғам терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын қолдайды - Yvision.kz