Мазмұнға өту
Қоғам және тәртіп
11 жазбалар0 тіркелуші

Еліміздегі қоғамдық тәртіп пен заң туралы

ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Ішкі істер министрлігі "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды тұрақты түрде жүргізуде.- Астана қаласында полиция қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйін тексеру барысында одан салмағы 245 грамм 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcі тәркіленді. Күдікті оны қала аумағында өткізбек болған.

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады.

Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Ержан Саденов отандастарымен кездесті

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті.

Полиция ескертеді: қоғамдық орындарда бетті заңсыз жасыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

Қостанай облысы ПД азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті немесе өзге де заттарды заңда көзделген негіздерсіз пайдалануға тыйым салынғанын ескертеді.

ІІМ: Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

Ішкі істер министрлігі елде қоғамдық және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Патрульдік бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. Соның нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс деңгейі төмендеп, жол-көлік оқиғаларының саны да азайды.

Қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді: ІІМ-де екінші жартыжылдықтың басым бағыттары айқындалды

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындыcы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды.мОтырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін, онда "Заң мен Тәртіп" қағидаты конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті.

Астана ПД қызметкерлері ІІМ чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен жауынгерлік қарудан ату бойынша екі күндік республикалық чемпионат өтті.

Алакөлде полиция жағалауда жоғалған баланы дер кезінде тапты

Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде адасып кеткен сегіз жасар баланы тауып, анасына аман-есен табыстады.Демалыс кезінде бала анасына жағалауда қалып қойған аяқ киімін алып келетінін айтып, өздігінен кетіп қалған. Алайда арада біраз уақыт өтсе де қайтып оралмаған. Бағдарынан жаңылған ол басқа елдімекенге қарай кетіп қалған.

Министрлік туралы Комитеттер Құжаттар Қызметі Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Аймақтар ІІМ: ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жо

Ішкі істер министрлігі бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды, оларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында полиция қызметкерлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің заңды қызметін бүркемелей отырып, құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндіру мен өңдеуді ұйымдастырған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Заң мен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі

Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі, мемлекеттің тұрақты дамуы ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Өйткені заңға құрметпен қараған қоғамда тұрақтылық, әділдік және өзара сенім қалыптасады.

0
0
116