Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Н.Нығматулин қылмыстық әділет саласындағы мәселелерге тоқталды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қылмыстық әділет саласындағы ұлттық заңнаманы жаңғырту мәселелері бойынша парламенттік тыңдау барысында парламенттің құқықтық шығармашылық процесінде және құқық қолдану практикасының мониторингінде уәкілетті органдармен және азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауы туралы пікір айтты.

Н. Нығматулин барлық енгізілетін түзетулер кешенді сипатқа ие болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасының айтуы бойынша, ҚК, ҚІК, ҚАК өзгерістер мен толықтырулардың жиі енгізілуіне де жол бермеу қажет.

«Тергеудің оңайлатылған нысандары әлі кең таралмаған, алайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 25%-ы қылмыстық қателіктер мен ауыр емес қылмыстар болып табылады», - деп атап өтті Н. Нығматулин.

Мәжіліс Спикері «жәбірленушімен татуласу» сияқты институт туралы айта келе, оны пайдаланудың сараланған тәсілін қарауды ұсынды.

«Татуласу мүмкіндігі қылмысты алғаш рет жасаған адамдарда болуын қарастыру қажет. Сол кезде бұл мүмкіндікті басқа қылмыскерлер пайдалана алмайды», - деді Н. Нығматулин.

«Әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қабылданған заңдардың саны емес, олардың сапасы мен тиімді орындалуы - ең басты мәселе. Сондықтан, заңдардың әрбір сөйлемі, әрбір сөзі,әрбір белгілері барлық азаматтарымыз үшін өте маңызды сұрақ, өте маңызды мәселе», - деді Мәжіліс Спикері.

Одан әрі тыңдау барысында қылмыстық сот ісін жүргізу аясына тартылған адамның және азаматтың конституциялық құқықтарының сақталуы, қылмыстық процестің жарыспалылығы, экономика мен кәсіпкерлікті дамыту шарттары, экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жетекшілік етіп, еліміздің Бас прокуроры Ж. Асанов, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, тағы басқалар баяндама жасады. Тыңдауға Парламент өкілдерімен қатар, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Ішкі істер, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен бірге, саяси партиялар мүшелері, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар шақырылды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
301

Осы тақырып бойынша