Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысынан ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.

«2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте  Ақтөбе облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 601,6 млн АҚШ  долларын құрады, оның ішінде экспорт – 274 млн АҚШ  долларын, импорт 327,6 млн АҚШ  долларын құрады», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 91% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 15%, химиялық өнеркәсіп өнімдері 26% әкелінеді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аудан орталықтарының 715 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысында барлық аудан орталықтары газдандырылды және ұзындығы 316,8 шм құрайтын тағы 12 жоба іске асырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Ақтөбе облысында халықтың әл-ауқатын жақсарту, атап айтқанда, елді мекендерді газдандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасаған меморандумның арқасында өңірде барлық аудан орталықтары газдандырылды, 715 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Меморандумға сәйкес, құны 14,3 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылады.

Халықтың 92%-ы газбен қамтамасыз етілді. Осы инвестициялық жобаны іске асыруға компания 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Тапсырылған объектілер 6 мыңнан астам аудан тұрғындарын, 1300 жеке тұрғын үйді және 59 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
443

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады - Yvision.kz