Режиссер Найобе Томпсонның (Канада) қатысуымен «Адамзаттың Ұлы саяхаты» фильмнің көрсетілімі өтеді

Алғаш рет қазақ тілінде! Алғаш рет Қазақстанда! "Адамзаттың Ұлы саяхаты" атты фильмі арқылы, 130 минут ішінде әр адамды толғандыратын ежелгі сұрақтарға қазақ тілінде жауап бермекпіз:
«Бір кездері ғаламшарымызда өмір сүрген адамзаттың басқа түрлері сияқты, хомосапиенс те қырылып қалатын еді. Құрып кетейін деген біз, қалай ғана аман қалдық? Тіл мен өнер қалай пайда болды? "адам ақыл-парасатының бесігі" деп ғалымдар нені айтады?»
Ғылыми-көпшілік деректі фильмнің билеттері Esentai Mall Kinopark холлында кино көрсетілім алдында әр адамға тегін беріледі. Орындар саны шектеулі! Ертерек келулеріңізді сұраймыз!
Өткізілетін жері: Esentai Mall – Kinopark (Алматы). Найобе Томпсонмен кездесу: қарашаның 28, 16:30. Кинокөрсетілім: карашаның 28, 18:00.
