Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», - деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, осы күні Санкт-Петербор қаласында өтетін ҰҚШҰ тоғызыншы пленарлық отырысында ұйымға мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік бағытында кадрларды қайта даярлау мәселесінде ұлттық заңнаманы үндестіру жолындағы ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер назардан тыс қалмайды.

ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді.

Үш тұрақты комиссия жұмыс істейді. Олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, саяси және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ақпараты бойынша, парламенттік делегациялардың ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында өткен кездесу барысында Мәжіліс Спикері әріптесін қызметімен құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Қос мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достығы негізінде құрылған екіжақты байланыстың стратегиялық маңызына баса назар аудара келіп, Н. Нығматулин тығыз саяси үнқатысу мен экономикалық қарым-қатынас жайына тоқталды.

Вячеслав Володин өз сөзінде екі мемлекет арасындағы достық байланысқа баса мән бере келіп, қазақстандық-ресейлік парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі ынталандыру жайын алға тартты. Мәжіліс Төрағасы әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
625

Осы тақырып бойынша

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин - Yvision.kz