📷Тоқаевтың жоспарлары: Қызметкерінің жалақысын көтерген бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету
📷Өңір жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан бизнесті қолдау шараларын түсіндірді.Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов алдағы 7 жылда мемлекеттің күш-жігері кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатынын атап өтті.📷«Бәсекеге қабілетті бизнестің дамуына кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Бұл етек жайып кеткен мемлекеттік монополияларға да, көлеңкелі экономикаға да қатысты. Мемлекет заңға бағынатын кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік қысымнан және тексеруші құрылымдардың себепсіз араласуынан қорғайды. Кәсіпкерлердің өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруі және олардың еңбек жағдайын жақсартуы мемлекеттің бизнесті қолдау шарттарының бірі болады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғанд…










