📷Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті
📷РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды.
📷«Бүгін штаб мүшелері мұнай-газ, балық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, Атырау облысының жұртшылығымен және жастармен кездеседі. Біздің міндетіміз – әрбір қазақстандыққа алдағы сайлаудың маңыздылығын жеткізу. Баршаны 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын өтеуге шақырамыз. Бұл – еліміздің ертеңі үшін өте маңызды таңдау», - деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
📷Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлауалды бағдарламаның кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны арттыруға қатысты тармақтарына тоқталды.
📷Бұдан соң балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен бірлесіп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.
📷Осы күні облыс жұртшылығымен кездесу өтті, оның барысында РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
