Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңарған Конституция: Мемлекеттік саясаттың жаңа бағыты

«Жалпы айтқанда, біз мемлекеттік саясатта терең өзгеріс жасадық. Конституциялық реформа осы ауқымды жұмыстың берік құқықтық арқауы болды. Сол арқылы саясатта, экономикада, әлеуметтік салада, сот жүйесінде «Әділетті мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға жол ашылды.

Конституцияда жер және барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені айқын көрсетілген. Осы қағидатты іс жүзінде орындау үшін маңызды шаралар қабылданды.

Менің тапсырмаммен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы әзірленді. Қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы балалардың арнайы есепшотына жіберілетін болды. Былтырдан бері Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлінді. Бұл – жас ұрпақтың болашаққа нық сеніммен қарауына мүмкіндік беретін мемлекетіміздің өте маңызды шешімі.

Мұның бәрі – жаңарған Конституцияның жемісі. Ата заң, шын мәнінде, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын толыққандыәрі тиімді құралға айналды.

Бірқатар маңызды заңдар мен арнайы жоспарларды қабылдау арқылы қолданыстағы Конституцияның орасан зор әлеуеті іске асырылып жатыр.

Былтыр Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданды. Бұл адамды еркінен тыс қандай да бір жолмен пайдалануға болмайтынына кепілдікті күшейтті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза едәуір қатаңдатылды. Некелесуге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Адам ұрлағандар да қатаң жазаланады.

Сонымен қатар қылмыстық сот үдерісін ізгілендіру және оның тиімділігін арттыру үшін нақты қадамдар жасалды, тиісті кодекстерге ауқымды түзетулер енгізілді.

Конституцияның мерейлі белесіне орай Рақымшылық туралы заң қабылданды. Себебі мемлекет қылмыспен күрес саясаты мен әлеуметтік әділдік мәселесіне келгенде адамгершілік құндылықтарын басты орынға қояды».

t.me/aqorda_resmi

0
0
149

Конституция: Қазақстан халқының болашағы мен бірлігінің негізі

«Конституция әрдайым адам құқығының темірқазығы болуға тиіс. Бұл – мемлекет саясатындағы бұлжымас қағида. Конституциямыз алдағы уақытта да халқымыздың жарқын болашағына жол ашатын ең басты құжат болып қала бермек.

Ата заң еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуды, сондай-ақ заңды мүлтіксіз сақтау және адал азамат идеологиясын ілгерілетуді көздейтін жаңа қоғамдық келісімнің айқын нышанына айналды. Заң үстемдігі – әділетті қоғам құруға және азаматтарымыздың берекелі өмірін қамтамасыз етуге апаратын төте жол. Сондықтан тағы да қайталап айтамын: еліміздің барлық азаматтары заңды құрметтеп, сақтауы керек.

Қазақстанның заңгерлер қауымдастығы азаматтарымызға Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіріп, Заң мен тәртіп қағидатына сай қоғамдағы әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үндеуі қажет.

Қазақстан Конституциясы ұлтымыздың кемелдігі мен болашаққа ұмтылысын бүкіләлемге паш етеді.

Конституцияның әр жолы мен рухын сақтау, соның негізінде жоғары құқықтық мәдениет пен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру – еліміздің келешектегі табысының кепілі. Мұны барша халық түсінуге тиіс».

t.me/aqorda_resmi

0
0
153

Заманауи технологиялар мен конституционализмнің өзара байланысы

«Геосаяси тұрақсыздық белең алып, технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезеңде заңнаманы ұдайы жаңғыртудың маңызы зор.

Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект мемлекет пен қоғамды өркендетудің мүлдем жаңа ұғымдары мен тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті.

Көптеген елде адамның рөлі мен орны, жалпы оның постгуманистік әлемде тіршілік етуі жөнінде қоғамдық және парламенттік пікірталастар қызу жүріп жатыр.

Биотехнологияның жедел дамуы да біраз сұрақ туындатады. Оның салдары күрделі құқықтық коллизияға және қалыптасқан этикалық нормалардың ескіруіне әкеліп соғуда.

Заң шығарушылар халықаралық құқық жүйесін қайта құру арқылы өз елінің егемендігін сақтау міндетімен бетпе-бет келеді.

Сондықтан конституционализм ешқашан бір орында тұрмайды. Ол заң шығару үдерісімен тығыз байланысты. Алайда оған мүлдем жаңа технологиялық, экономикалық және геосаяси жағдайлар әсер етеді.

Бұл мәселені Қазақстанның кәсіби заңгерлер қауымдастығы жан-жақты зерттеп, ұдайы назарда ұстауға тиіс деп санаймын».

t.me/aqorda_resmi

0
0
168

Қазақстанның болашағы: Конституция, еркіндік және даму жолында

«Ұлт заңы – Конституциямыздың жасампаздық күші зор. Өйткені Ата Заңның әр бабында барша азаматтарымызға ортақ құндылықтар мен біртұтас халқымыздың мақсат-мүддесі бар.

Конституциялық, саяси, экономикалық реформалардың, халқымыздың орасан зор күш-қуаты мен әлеуетінің, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласына салынған ауқымды инвестициялардың арқасында елімізде шын мәнінде жақсы өзгерістер жасалып жатыр. Жақсыны жақсы деп айту керек. Бұл да әділеттілік көрінісі.

Оқушыларымыз бен студенттеріміз беделді халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Спортшыларымыз әлемдік сайыстарда жеңімпаз болып, еліміздің мерейін асыруда.

Алдына нақты мақсат қойған азаматтарымыздың бәрі білім, ғылым, өнер, бизнес және басқа да көптеген салада табысқа жетуде.

Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет, бізде ғаламтор еркіндігі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Елімізде бірде-бір желінің негізгі арнасы жабылған жоқ, барлық азаматтарға әлемдік жаңалықтардың көздеріне жол ашық.

Біздің азаматтарымыз шетелге еркін барып тұрады. Ал жастарымыз өздері таңдаған университеттерде білім алуда, оларға ешқандай тосқауыл, кедергі жоқ. Осындай мемлекеттік саясат өз жалғасын табады.

Көптеген елдің жастары бізді болашағы жарқын мемлекет ретінде таниды, Қазақстанға келгісі келеді, келіп те жатыр.

Еліміздің мақсаты – айқын, келешегі – зор. Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні ел игілігіне қолданатын озық мемлекет боламыз деп белсенді түрде жұмысістеп жатырмыз».

t.me/aqorda_resmi

0
0
154

Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде

27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы "Ulytau Go" жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді 50 жасының басын қосып отыр.

0
0
227

Ұлытау облысында әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысының Ұлытау облысын дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес Жезқазған қаласының Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Бұл бастама – өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы.

0
0
197

Қазақ опера театрының Қазанда тарихи сахналама премьерасы

2025 жылы 26 тамызда Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік сапары жемісті болды. Театр көрермен назарына Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынды.

Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, (РФ) Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен өтті.

Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды. Министр Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда маңызды орын алатынын атап өтті. Екі елдің шығармашылық ұжымдарының байланысы – осының айқын дәлелі.

Сондай-ақ ол бұл премьера көпшілік үшін шалқар шабыттың қайнар көзі боларына, ортақ ұлы тарих үшін кеудені мақтаныш кернеп, саф өнермен қауыштырып, қуаныш сыйларына сенім білдірді. Іс-шара барысында (РФ) Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеева мен Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов сөз сөйледі.

Айта кетейік, тарихи драманы сахналау барысында халықаралық беделді ғалымдар кеңес беріп, тарихи шынайылық пен оқиғалардың терең зерттелуін қамтамасыз етті. Ал операны танымал итальялық режиссер Давиде Ливерморе сахналады. Операда 200-ден астамәртіс бірігіп, жанды орындау мен әсерлі сахналық көріністер арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды. Көрермен тек қойылымды тамашалап қана қоймай, тарихи оқиғаның куәгері сезінді.

Театр фойесінде Қазақстан туралы арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме қонақтарға еліміздің әлемдік аренадағы орны мен рөлін, бай мәдениетін, әсем табиғатын және заманауи сәулетін таныстырды.

Опера премьерасына Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың жетекшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іскерлік орта өкілдері, БАҚ пен қазақ диаспорасының мүшелері қатысты. Спектакль өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, қошеметке бөленді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

0
0
184

Тоқаев пен Иордания Королі АХҚО-ны аралап, 17 миллиард доллар инвестиция туралы білді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

t.me/aqorda_resmi
0
0
164

Тоқаев Молдова Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты оданәрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
159

Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады: ШЫҰ саммиті және маңызды кездесулер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
160