Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Тоқаев пен Иордания Королі АХҚО-ны аралап, 17 миллиард доллар инвестиция туралы білді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

АХҚО: Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бірге инвестициялар орталығын зерттеді - Yvision.kz