Мазмұнға өту

Жаңа

Заманауи технологиялар мен конституционализмнің өзара байланысы

«Геосаяси тұрақсыздық белең алып, технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезеңде заңнаманы ұдайы жаңғыртудың маңызы зор. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект мемлекет пен қоғамды өркендетудің мүлдем жаңа ұғымдары мен тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті. Көптеген елде адамның рөлі мен орны, жалпы оның постгуманистік әлемде тіршілік етуі жөнінде қоғамдық және парламенттік пікірталастар қызу жүріп жатыр. Биотехнологияның жедел дамуы да біраз сұрақ туындатады. Оның салдары күрделі құқықтық коллизияға және қалыптасқан этикалық нормалардың ескіруіне әкеліп соғуда. Заң шығарушылар халықаралық құқық жүйесін қайта құру арқылы өз елінің егемендігін сақтау міндетімен бетпе-бет келеді. Сондықтан конституционализм ешқашан бір орында тұрмайды. Ол заң шығару үдерісімен тығыз байланысты.…

0
0
120

Қазақстанның болашағы: Конституция, еркіндік және даму жолында

«Ұлт заңы – Конституциямыздың жасампаздық күші зор. Өйткені Ата Заңның әр бабында барша азаматтарымызға ортақ құндылықтар мен біртұтас халқымыздың мақсат-мүддесі бар. Конституциялық, саяси, экономикалық реформалардың, халқымыздың орасан зор күш-қуаты мен әлеуетінің, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласына салынған ауқымды инвестициялардың арқасында елімізде шын мәнінде жақсы өзгерістер жасалып жатыр. Жақсыны жақсы деп айту керек. Бұл да әділеттілік көрінісі. Оқушыларымыз бен студенттеріміз беделді халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Спортшыларымыз әлемдік сайыстарда жеңімпаз болып, еліміздің мерейін асыруда. Алдына нақты мақсат қойған азаматтарымыздың бәрі білім, ғылым, өнер, бизнес және басқа да көптеген салада табысқа жетуде. Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет…

0
0
111

Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде

27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы "Ulytau Go" жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді 50 жасының басын қосып отыр.

0
0
187

Ұлытау облысында әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысының Ұлытау облысын дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес Жезқазған қаласының Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Бұл бастама – өңірде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы.

0
0
157

Қазақ опера театрының Қазанда тарихи сахналама премьерасы

2025 жылы 26 тамызда Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік сапары жемісті болды. Театр көрермен назарына Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынды. Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, (РФ) Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен өтті. Іс-шарада театр директоры Айнұр Көпбасарова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды. Министр Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің сан қырлы ы…

0
0
145

Тоқаев пен Иордания Королі АХҚО-ны аралап, 17 миллиард доллар инвестиция туралы білді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

t.me/aqorda_resmi
0
0
122

Тоқаев Молдова Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты оданәрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
117

Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады: ШЫҰ саммиті және маңызды кездесулер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

118

129