Мазмұнға өту

Жаңа

Қырғыз-Қазақ ынтымақтастығы: Бірлескен жобалар мен экономикалық даму

Президент Садыр Жапаров Бішкек төріндегі бүгінгі келіссөздердің қорытындысы нәтижелі болғанына назар аударды

Оның айтуынша, елдеріміздің арасында өзара сауда-cаттықтың жандануына, инвестиция тартуға және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтуға оң септігін тигізетін қолайлы саяси ынтымақтастық қалыптасқан.

– Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешенінің құрылысы, Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін көтерме сауда-тарату орталығын ашу, «Алматы – Ыстықкөл» автокөлік жолын салу секілді бірлескен жобаларға айрықша мән берілді. Біз сауда көлемін ұлғайту, өзара сауда-cаттықтағы тауарлар номенклатурасын кеңейту және бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқыладық, – деді Қырғыз елінің басшысы.

t.me/aqorda_resmi

0
0
152

Қазақстан мен Қырғызстан: Стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынас нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы бауырлас қырғыз еліне шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтып, бұл ресми сапарының мақсаты – қазақ-қырғыз байланысын нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу екенін жеткізді. – Біз жоғары саяси диалогтың арқасында екі елдің ықпалдастығын жаңа сапалы деңгейге көтереміз. Мен бұған кәміл сенемін. Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, тағдыры ортақ ағайынды халықтар. Қиын сәтте бір-біріне демеу, қуанышты күнде тілеулес бола білген елдер. Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз…

0
0
132

Қазақстан мен Қырғызстан: стратегиялық ынтымақтастық және халықтар достастығы

– Қазақстан – біздің ең жақын көршіміз, Қырғызстанның сыртқы саясатында ерекше орын алатын бауырлас ел, негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің қолдауыңыздың арқасында мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынастар нық дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді. Біздің халықтарымыз ертеден достық пен келісімде өмір сүрді, бір-бірін қолдап отырды. Қалыптасқан татулығымыздың негізінде біз барлық мәселені бірлесе шеше аламыз деп сенемін. Өйткені қырғыз бен қазақ – егіз секілді ұқсас елдер. Ұлы Абай «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген, – деді Садыр Жапаров. Отырыс барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселе…

0
0
147

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы министрлер деңгейіндегі кездесу

Жиында Қырғыз Республикасы Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықов, Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрі Абсаттар Сыргабаев, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Абдикарим Алимбаев, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Қырғыз Республикасы Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт…

0
0
169

2024 жылғы Президент Жолдауы: автожолдарды жаңғырту, әуежайлар салу және Транскаспий бағыты қалай дамуда

2024 жылдың наурыз айында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кемінде 12 мың шақырым автожолды реконструкциялау және жөндеуден өткізуді тапсырған болатын.2024 жылдың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді орындау шеңберінде 12 мың шақырым жолға құрылыс, жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді, оның 7 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Жобаға 10 мыңнан астам техника мен 25 мың маман қатысты. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, ал жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 89%-ға дейін жақсарды.Негізгі автожолдарды реконструкциялау жұмыстарын аяқтау және цифрландыруНегізгі басымдықтардың бірі стратегиялық маңызы бар төрт автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау болды:«…

0
0
321

Президент алға қойған басты мақсат – сенімді әрі заманауи отын-энергетикалық кешені бар қуатты және әртараптандырылған экономика құру

📍 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешілуде.

✔️ Мысалы, қазақстандық зауыттардың өнімдерін жаңғырту және басым сатып алу есебінен жол-құрылыс саласын отандық битуммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

✔️ Үкімет бекіткен Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған.

«Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономика құруға бағытталған»,

— деді Е.Ақкенженов.

📱 @KZgovernment

0
0
160

Президент алға қойған басты мақсат – сенімді әрі заманауи отын-энергетикалық кешені бар қуатты және әртараптандырылған экономика құру

📍 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешілуде.

✔️ Мысалы, қазақстандық зауыттардың өнімдерін жаңғырту және басым сатып алу есебінен жол-құрылыс саласын отандық битуммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

✔️ Үкімет бекіткен Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған.

«Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономика құруға бағытталған»,

— деді Е.Ақкенженов.

📱 @KZgovernment

0
0
180

Бюроның Байланыс орталығы ауыл шаруашылығы санағы аясында 8 мыңнан астам өтініш қабылдады

Тамыз айының басынан бастап Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді.1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды.Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары онлайн түрде sanaq.gov.kz ресми сайтында ауыл шаруашылығы санағынан өте алады.Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант сияқты цифрлық байланыс арналары да қолжетімді.Еске саламыз, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтед…

0
0
163

Президент Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
190

Ақорданың ресми жаңалықтары Aitu мессенджерінде қолжетімді

Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар.

Арнаға сілтеме: @aqorda_official

С сегодняшнего дня официальные новости Акорды будут также доступны в национальном мессенджере Aitu.

Ссылка на канал: @aqorda_official

0
0
198