Бүгін, Алматы облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде еңбек нарығында сұранысқа кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді игеру арқылы еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, жаппай кә…