Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Займер” ЖШС 400 мың еуро тартты

«Займер» онлайн-қарыздар сервисі меншікті ROBO.CASH Р2Р-сервисінің көмегімен еуропалық бөлшек сауда инвесторларынан екі ай ішінде 400 мың еуро тартты. Бұл туралы 21 сәуірде Алматыда болып өткен МҚҰ және Қаржылық Технологиялар компанияларына арналған Risk Challenge Micro 2017 ірі конференциясында “Займер” ЖШС-тың бас директоры Индира Кенесарина айтып берді.

«Рeer 2 portfolio» моделі бойынша құрылған Robo.cash платформасы Ресейден, Қазақстаннан және Испаниядан  келген кредитор-компанияларының қарыздарын қаржыландыру үшін 2017 жылғы ақпан айында іске қосылды. Ол Еуропалық одақ елдерінің бөлшек сауда инвесторларымен жұмыс істеуге бағдарланған жоғары технологиялық автоматтандырылған сервис болып саналады.

“Біз Р2Р-инвестициялардың еуропалық нарығында үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз», - дейді Индира Кенесарина. – Өйткені мұнда бұл тәжірибе кеңірек таралды, және де көптеген еуропалықтар бұл құралдың тиімділігі мен сенімділігіне көз жеткізіп үлгерді.”.

Инвестициялау үшін сервистің веб-сайтында тіркеліп, жеке кабинетте шотты толтыру керек, содан кейін автоматты режимде инвестициялық портфельді қалыптастыру қажет.

Robo.cash артықшылығы еуропалық нарықта жылына 14% - Р2Р ең тартымды пайыздық мөлшерлемелерінің бірі болып табылады.

“Сервисті толықтай автоматтандыру Robo.cash инвесторларының уақытын үнемдейді және де олардың артықшылығына айналады, ал қарыздың қысқа мерзімінің арқасында капиталдың жоғары айналымдылығы қамтамасыз етіледі. Сондықтан Robo.cash инвесторлары өз инвестицияларын еркіндеу иелік ете алады”, - деп өз баяндамасында И. Кенесарина атап өтті.

 
0
0
620

Осы тақырып бойынша

“Займер” ЖШС 400 мың еуро тартты - Yvision.kz