Анықтама
2017 жылдың 25 сәуір күні Алматы техника–экономикалық қатынас жолдары колледжінің жаңа ғимаратының акт залында «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» тақырыбында семинар-лекция өтті. Семинар-лекция колледжіміздің 320 студенті мен 30 оқытушының қатысуымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекші маманы Анапин Мақсатхан Анапияұлының ұйымдастыруымен өтті. Қазақстанда 2016 жылы пара бергені үшін 100-ден астам адам сотталған. Қылмыстық кодекс пара бергені үшін 15 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын қарастыратыны туралы колледжіміздің студенттері видео роликтерден және лекциядан толық ақпараттар алды. Семинар-лекциядан соң сұрақтарға жауап берілді. Қорыта келе Мақсатхан Анапияұлы «Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын» – деп Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтады.
