Мазмұнға өту

Жаңа

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Тоқаев 81,31% дауыс жинады

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Тоқаев 81,31% дауыс жинады

Өзге кандидаттар бойынша:

Жигули Дайрабаев - 3,42%

Қарақат Әбден - 2,60%

Мейрам Қажыкен - 2,53%

Нұрлан Әуесбаев - 2,22%

Салтанат Тұрсынбекова - 2,12%

«Бәріне қарсы» — 5,80%

#ЖеңісToqaev2022 #ПобедаToqaev2022.

0
0
309

Exit poll нәтижесі жарияланды

«Ашық қоғам» институты президент сайлауы бойынша Exit Poll нәтижесін жариялады:

Қарақат Әбден - 2,54%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;

Жигули Дайрабаев - 3,33%;

Мейрам Қажыкен - 2,23%;

Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45%;

Салтанат Тұрсынбекова - 2,08% дауыс жинаған.

0
0
250

Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты. Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.

– Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Е.Қошанов.

0
0
267

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді

📷Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді.📷Журналистер алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.📷– Бүгін – өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Атқаратын жұмыс әлі де көп. Саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жазда жалпыұлттық референдум өтті. Енді, міне кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп жатыр. Келешекте бұл жұмыстар жалғаса береді, – деді Қ.Тоқаев.📷Ол сөзін қорытындылай келе отандық және шетелдік бұқаралық ақпара…

0
0
257

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумына барды

Үгіт-насихат науқаны кезінде үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды аралап, сайлаушылармен еркін кездесті. Ақпарат құралдарын қалауынша пайдаланды.

Осылайша, сайлау алдындағы науқанды бәрі бірдей өткізуіне толық жағдай жасалды. Біз әкімшілік ресурстарды пайдаланбауға баса мән бердік. Бұған қатысты арыз-шағым болған жоқ. Барлығы заң аясында өтті. Бұл – өте маңызды.

Мен үгіт-насихат қана емес, дауыс беру және оны санау да толығымен заңға сәйкес өтетініне кепілдік бердім. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік органдарға, орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қойылатын талап.

Халықтың әділ сайлау өткізуге деген ұмтылысы мен сенімін таптауға болмайды. Бұл – тарихтың алдындағы зор жауапкершілік.

t.me/toqaev2022

0
0
262

Өнер мектебі мен Музыкалық мектептiң қызметкерлерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері Өнер мектебі мен Музыкалық мектептiң қызметкерлерімен кездесті.

Қоғамдық штаб мүшесi, Облыстық мәслихаттың депутаты - Агаев Анвар Агаяр оглы , Ақжол партиясының мүшесі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы және штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарлама бойынша өз ойларымен бөлiстi.

Шақырылған сайлаушылар Қ. Тоқаевты қолдайтындарын және сайлауға қатысатындарын айтты.

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
222

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

📷Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.📷«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қалалардың, аудандардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жалпы, бір айға жетпейтін уақыт ішінде өткен үгіт-насихат шараларына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты», - деді Ерлан Қошанов.📷Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды.📷Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және…

0
0
261

Ыбырай ізбасарлары (кітап оқу клубы)

Клуб мақсаты жас оқырмандардыңшығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Сондай-ақ, оқыған кітап авторларымен онлайн-кездесулерді де мақсат етіп қойып отырмыз.Клубтың жалпы 5 отырысы болды.

2023жылдың сәуір айына жазушы Рүстем Сауытбайбен онлайн-кездесу жоспарланған болатын. Соған байланысты клуб мүшелерімен ақылдаса келе, автордың қазақ тіліндегі алғашқы фэнтези «Шоко әлем» кітабының бірінші бөлімін оқуды бастадық. Белгіленген уақытқа дейін кітапты оқып, талдап, авторға қоятын сұрақтарымызды дайындайтын боламыз.

Клубқа мүше болғысы келетін барлық 7-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

#балаларжылы

0
0
595