Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумына барды

Үгіт-насихат науқаны кезінде үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды аралап, сайлаушылармен еркін кездесті. Ақпарат құралдарын қалауынша пайдаланды.

Осылайша, сайлау алдындағы науқанды бәрі бірдей өткізуіне толық жағдай жасалды. Біз әкімшілік ресурстарды пайдаланбауға баса мән бердік. Бұған қатысты арыз-шағым болған жоқ. Барлығы заң аясында өтті. Бұл – өте маңызды.

Мен үгіт-насихат қана емес, дауыс беру және оны санау да толығымен заңға сәйкес өтетініне кепілдік бердім. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік органдарға, орталық және жергілікті сайлау комиссияларына қойылатын талап.

Халықтың әділ сайлау өткізуге деген ұмтылысы мен сенімін таптауға болмайды. Бұл – тарихтың алдындағы зор жауапкершілік.

t.me/toqaev2022

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумына барды - Yvision.kz