Мазмұнға өту

Жаңа

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

📷Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.📷«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қалалардың, аудандардың және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жалпы, бір айға жетпейтін уақыт ішінде өткен үгіт-насихат шараларына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты», - деді Ерлан Қошанов.📷Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды.📷Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және…

0
0
238

Ыбырай ізбасарлары (кітап оқу клубы)

Клуб мақсаты жас оқырмандардыңшығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Сондай-ақ, оқыған кітап авторларымен онлайн-кездесулерді де мақсат етіп қойып отырмыз.Клубтың жалпы 5 отырысы болды.

2023жылдың сәуір айына жазушы Рүстем Сауытбайбен онлайн-кездесу жоспарланған болатын. Соған байланысты клуб мүшелерімен ақылдаса келе, автордың қазақ тіліндегі алғашқы фэнтези «Шоко әлем» кітабының бірінші бөлімін оқуды бастадық. Белгіленген уақытқа дейін кітапты оқып, талдап, авторға қоятын сұрақтарымызды дайындайтын боламыз.

Клубқа мүше болғысы келетін барлық 7-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

#балаларжылы

0
0
566

1 студия: Бибігүл Латыпова, Шалгимбаева Шынар

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Латыпова Бибігүл Казыбаевна мен Шалғымбаева Шынар Төлегенқызы «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханада «Этнокөпір» жобасы жайлы, жаңа жобалар, кітап жаңалықтары, жазушылармен кездесулер туралы баяндады.

0
0
496

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жаңа корпусы ашылды

200 орынға шақталған ғимаратта күрделі науқастарды емдеумен және оңалтумен айналысатын пульмонология, неврология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология сынды 7 терапиялық бөлім бар.

Жаңа корпустың ашылуына орай 95 дәрігер – диагност, терапевт және реабилитолог мамандар арнайы конкурс бойынша жұмысқа қабылданып отыр. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
310

Мектептен тыс жұмыс мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері мектептен тыс жұмыс мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Қоғамдық штабтың мүшесі - Габдулова Шара Қайыржанқызы және қоғамдық штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi мемлекет", "Әдiлетт экономика" және Әдiлеттi қоғам" бағыттары бойынша сөз сөйледі.

Аталған мекеменің қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

#ДауысберToqaev2022

0
0
175

АқсайМаркет" ЖШС мекемесінің сауда орталығында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында қоғамдық штабтың жетекшісі О.Тулемисов Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында "АқсайМаркет" ЖШС мекемесінің сауда орталығына барды. Сауда орталығындағы сайлаушылармен кездестi. Кездесуде Ақсай қаласының тұрғындары сайлауға баратындарын айтты. Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныс екендерін жеткізді.

#Toqaev2022

#ДауысберToqaev2022

0
0
184

Тоқаевтың жастарға арналған жоспарлары – Шәкіртақының 2 есе өсімі және 2,5%-дық несие

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен кездесу өтіп, оның барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын дамыту жөніндегі басымдықтарына назар аударды.«Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында ел жастары өзін дамытуы үшін оларға тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасау мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие беру процесі іске қосылады. Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі», – деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.Бұдан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сарапшылармен және саясаттанушылармен бірге сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін ар…

0
0
222

Ауданымыздың жас ақындарымен кездесу өтті

Бүгін, Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері Достық үйiнде ауданымыздың жас акындарымен кездестi.

Қоғамдық штаб мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ерманов Рақымжан Бiрманұлы, "Ақжол" партиясының мүшесі Дүйсенов Серiк Чапайұлы және штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарламаның " Әдiлеттi мемлекет", "Әдiлеттi экономика" "Әдiлеттi қоғам" бағыттары бойынша сөз сөйледі.

Жас ақындарыдың бiлiм саласында бiлiмдi дамыту бойынша шаралар қабылдау керек деген ұсыныстарын тыңдады. Ақындар мен мәдениет қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

#ДауысберToqaev2022

0
0
191

Қарасай батыр орта мектебінде өткен жылы жүздесу

Халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ұлтусын Бархинова, Жанна Жазықпаева, Камилов Илимдар және Әлім Орынбасар Қарасай батыр орта мектебінде кездесу өткізді.

Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Жолдауда қамтылған «Жайлы мектеп» жобасына тоқталды.

#Tokaev2022

0
0
168