«Жастар Рухы» Жастар қанаты «Қасиетті домбыра» республикалық конкурсы
📣Достар, «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Қасиетті домбыра» республикалық конкурсының өтінімдерді қабылдау уақыты 5 желтоқсанға дейін ұзартылды!
Жеңімпаздарға арнайы жүлдеқор тағайындалған🤩🎉
📌Байқау шарттары:
🔺Қатысушы домбырада танымал композицияны орындап, өзін таныстырады (аты-жөні, тұрып жатқан аймағы, шығарманың атауы), бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялайды. Конкурс ұйымдастырушыларын белгілеп (@jastar_ruhy), келесідегі хэштегтерді жазуы тиіс: #қасиеттідомбыраконкурс #жастаррухы ;
🔺@jastar_ruhy парақшасына тіркелу;
🔺Байқау өткізу кезеңінде қатысушының парақшасы ашық болуы;
🔺@jastar_ruhy ресми аккаунтының байқау жариялаған жазбасы астында 5 досын белгілеу (бұл байқау жеңімпаздарын анықтау кезінде ескеріледі);
🔺Видео форматы - Reels (16:9);
🔺Жас шектеулері жоқ;
🔺Фейк парақшалар есептелмейді және конкурстық комиссияға өткізілмейді.
🏆Байқау қорытындысында «ДОМБЫРАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК COVER», «ҮЗДІК КҮЙШІ» (төкпе күй), «ҮЗДІК КҮЙШІ» (шертпе күй) номинациялары бойынша 3 жеңімпаз анықталады.
Әр номинацияда 1,2,3 орын қарастырылған.
▪️Өтінімдерді қабылдау 05.12.2022 жылы Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де аяқталады;
▫️Конкурстық комиссияның қатысушының өтінімдерін қарауы 05.12.2022 жылдан бастап жүргізіледі;
▪️Байқау нәтижелері 15 желтоқсан күні жарияланады.
Жарыс ережелері био-дағы «Жастар Рухы» телеграм арнасында жарияланатын болады.
Байқауға қатысып, өз талантыңды шыңда🙌🏻
#ЖастарРухы #AMANAT #Қасиеттідомбыра
