Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды
📷Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына бардыПрезиденттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Австрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.📷«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.«Бұл – көпфункционалды, жоғары технологиялық орталық. Осы жерде сайлау науқаны кезінде белгілі бір шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға кірген ұй…
