Қазақстанда Экономикалық даму ұйымының озық тәжірибелері қолданылады
Астанада, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, «Үш топқа арналған көзқарасқа шолу: жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау» жобасы бойынша есеп беру семинары өтті. Семинар мақсаты - түпкілікті жарияламас бұрын мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тараптардың негізгі отандық және шетелдік сарапшыларымен жобаның басты нәтижелерін талқыға салу. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшыларымен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар тындырылды. Түпкілікті есеп осы жылдың маусым айының аяғында жарық көреді деп күтудеміз. Мәселенің өте өзекті екені даусыз. Елімізде, жұмыспен қамту саласында, арнайы бағдарламалар қабылданып, еңбек нарығындағы жағдай тұрақтылығын байқатуда. Дегенмен, жастар, егде жастағы еңбеккерлер және мүмкіндігі ше…