Өзім айтам өз жайымды...
Негізі, мен әртүрлі платформаларға тіркелгенде "өзің туралы" деген ұяшықты толтыруды жек көремін. Тез-тез қысқа-нұсқа сөйлемді "тық" еткізіп қойып жібергім келіп тұрады. Неге екенін қайдам, дәл осы күнге дейін ол жайында ойланбаппын да. Мүмкін өзімнің кім екенімді білмейтін болармын...Осыған байланысты, өткен қыста ұстазымыз дәріс барысында өсиет әңгіме айтып берген еді. Америкадағы Кеннеди әуежайында бір тілші өткен-кеткен туристерден "Өмірдегі ең жиіркенішті не?" деген сұрақ қойып, сауалнама жүргізіпті. Адамдар оған сан қилы жауап қатады: соғыс, кедейшілік, аурулар, сатқындық. Осы кезде журналистің көзіне тақуаларша киінген адам ілігіп, журналист сұрақ қойғанымен, тақуа жауап бермей, журналистің өзіне қарсы сауал қояды: -Сіз кімсіз? -Мен-Джон Смитпін,- деп жауап береді тілші. -Бұл сізді…