Рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғырлы белгілері
Рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғырлы белгілері Қазақ хандық құрғаннан бастап жұпыны жабайы мемлекет болмаған өзінің атына сай елі мен еркіндігін паш ететін таңбасы мен туы, ұраны қазақ қазақ болғаннан бері бар. Ертеден әр ру өз таңбасына ие болып ерекшелене білген. Олардың таңбалары елтаңбамыздың түп тамыры мен бастауы еді. Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов жасаған елтаңбамыз қазақтың бар қасиетті ұғымын бойына сіңіргендей. Елтаңбада бейнелеген шаңырақтың, пырақтың, шаңырақты дөңгелене қоршап тұрған уықтардың қандай мән- мағына беретіні барлығымызға белгілі. Тумызда бейнелеген қыран мен күн еркіндік пен азаттықты, мейірімділікті, рух биіктігін көрсетеді. Табиғатпен тілдесе білген көшпелілердің бостандығы мен азаттығын да туымыз паш еткендей. Қазақ хандығында бейбітшілік уақытта…
