Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғырлы белгілері

Рәміздер – тәуелсіздігіміздің  тұғырлы белгілері

 

Қазақ хандық құрғаннан бастап жұпыны жабайы мемлекет болмаған өзінің атына сай елі мен еркіндігін паш ететін таңбасы мен туы, ұраны қазақ қазақ болғаннан бері бар. Ертеден әр ру өз таңбасына ие болып ерекшелене білген. Олардың таңбалары елтаңбамыздың түп тамыры мен бастауы еді.

Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов жасаған  елтаңбамыз қазақтың бар қасиетті ұғымын бойына сіңіргендей. Елтаңбада бейнелеген шаңырақтың, пырақтың, шаңырақты дөңгелене қоршап тұрған уықтардың қандай мән- мағына беретіні барлығымызға белгілі.

Тумызда бейнелеген қыран мен күн еркіндік пен азаттықты, мейірімділікті, рух биіктігін көрсетеді. Табиғатпен тілдесе білген көшпелілердің бостандығы мен азаттығын да туымыз паш еткендей. Қазақ хандығында бейбітшілік уақытта желбіреген байрақ, жаугершілікте қазақтың жан алып жан берер жәдігері болған. Кешегі бабаларымыз ұрандатып жорықтан жеңіспен оралып тумызды желбіреткен болса, бүгінде ұрпақтары жарыстан жеңіспен оралып туымызды жеңіс тұғырында желбіретеді.

Рәміздеріміздің  қадіріне жетіп  ұлықтай білсек, көз қарашығымыздай сақтасақ қадірі мен қасиетін жоғалтпас, асқақтаған жерінен төмендемес. Елдің ерекшелігін айқындайтын рәміздерімізге құрмет көрсетіп, мән-мағынасын терең түсініп қадірлесек өзімізді өзгеге де мойындата алар елге айналатынымызға сенемін.

     

Айтмұхамбет Аружан Нұрланқызы

АО «Астана Медицина Университететі»

2-курс студенті.

   
0
0
659

Осы тақырып бойынша

Рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғырлы белгілері - Yvision.kz