Талдықорғандықтар украин және қазақ мәдениетінің фестиваліне қатысты
Фестиваль ұлттық музыканың жетекші қайраткерлеріне - қазақ композиторы және ақыны Ақан серіге және украиндық композитор және музыкант Николай Лысенкаға арналды. Талдықорғандағы Достық үйінің іргесінде украин және қазақ мәдениетінің «Тәуелсіз елім - тірегім» фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар – Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Т. Шевченко атындағы «Просвіта Жетісу» өңірлік украин мәдени орталығының мүшелері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласының Халық музыкалық аспаптар мұражайы. «Тарихтың еркі бойынша Жетісу облысы республикадағы ең көпұлтты өңір болды. Және бұл оның бірегейлігі. Сондықтан мемлекет осы жерде тұратын барлық этникалық топтардың бай мәдени және рухани мұрасын сақтау мен дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасайды. Бізде мақтануға бола…