Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңақала ауданындағы ауылдық округтерде құрылған өзіне қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстары тексерілді

2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов пен Департамент қызметкерлері Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапарының мақсаты мемлекеттен қызметтерді көрсететін мекемелердің жұмысын тексеру, халықты мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша жүргізіліп жатырған шаралар жөнінде ақпараттандыру және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру болды.

Сапары кезінде Б.Ә.Исақов Жаңақала аудандық Бірлік және Қызылоба ауылдық округтерінде құрылған өзіне қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, аудандық мектеп-гиназиясында және Қызылоба ауылының мектебінде «Электрондық қызметтер – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың кепілі» тақырыбында семинарлар өткізілді.

 
0
0
247

Осы тақырып бойынша

Жаңақала ауданындағы ауылдық округтерде құрылған өзіне қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстары тексерілді - Yvision.kz