Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Жаңақала аудандық жергілікті полиция қызметінің ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мәселелері түсіндірілді.

Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 
0
0
256

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz