Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спорт саласының қызметкерлерімен кезекті кездесу

2017 жылдың 24 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінің», «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» мен «Ақжайық» футбол клубының»ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

   
0
0
431

Осы тақырып бойынша