Қаңтардағы қызыл гүл...
Тереземнің арғы бетіндегі аппақ қардың арқасында терезе жақтауында тұрған қызыл гүл маған ерекше ыстық болып көрініп тұр. Адам атаулы да сондай ғой. Оның қоршаған ортасы қандай болса, сырт көзге сол іспеттес болып көрінеді. Дегенмен әркімнің өзінің іште жатқан құпиясы, жеке сұлулығы мен дара мінезі бар. Ал осы қасиеттерді көріп, бағалай білген, оны қабылдай алған адамдар ғана қаңтарда түскен таза ұлпақ қарлар сияқты. Иә, олар да кейін жоқ болады. Өмірде ештеңе мәңгі емес. Сіз ойлаған таза махаббатыңыздың ыстық жалыны уақыты келгенде қызыл шоққа айналып, соңында күңгірт рең тартқан күлге айналады... Жолдасқа теңеп жүрген досыңыз (барлығы демеймін) өз мүддесін ойлап, ту сыртыңнан алдап кетуі де мүмкін. Бала күндері ерекше иісімен есте қалған әжеңнің қараша үйі де бүгін аңырап бос қалуы мүмк…