Американдық өмір қанша тұрады?
Америка Құрама Штатында болған әрбір адам өзінің ерекше эмоциясымен бөлісуге дайын екендігі айдан анық. Алайда оның артында не жатқаны көпшілікке беймәлім. Осы постта күнделікті нанның бағасы, қарапайым кроссовки, кітап немесе үй жалдау, машина жалдау Америкада қанша тұратынын айтамын. Естеріңізге сала кетейін, әрбір штаттың өзінің ережелері, өзіндік бағалары, өзіне сай әртүрлі диалектілері мен ерекшеліктері бар. Жалпы күнделікті біз жеп жүрген нанды Америкадан табамын деп әуре болмаңыз. Мен тұрған Нью Йорк штатының Лейк Джордж қаласында нанның бағасы 4$-дан басталады (шамамен 1320KZT). Егер сіз АҚШ-қа қыдырып келіп, белгілі бір жерде 2-3 күн мотельде немесе қонақүйде тұратын болсаңыз, баға әлдеқайда қымбатқа шығады. Күніне шамамен $90-$120 (1 тәулік 35000 KZT). Айтпақшы АҚШ-қа ұшпастан бұрын ұялы телефоныңызды зарядтаушы адаптердің басын ауыстыруды ұмытпаңыз! АҚШ-та кез келген жерде біздің адаптерлер істемейді. Сондай-ақ кез келген супер-гипермаркетте WiFI (уай-фай ) тек 30 минут тегін қызмет етеді. Кейінгі минуттарды төлеуге тура келеді. Сонымен жалғастырайын, егер сіз АҚШ-қа ұзақ уақытқа тұрақтап келсеңіз (1-2 жыл), онда тез арада өзіңізбен бірге тұратын адамдарды табуға тырысыңыз. Жалпы аптасына - $75-$100 аралығы (Мен $85 төледім). Ең арзан тағам - бургер, оның ішінде McDonalds. Бір бургер шамамен $10-15. Қандай да бір керекті зат алғыңыз келсе, Price Chopper және Walmart секілді моллдарға барыңыз. Кроссовкилер мезгілге, қалыңдығына, брендіне, түсіне, сапасына қарай әртүрлі. Алайда көп шығындалмай орташа бағада әрі тартымды кроссовки алғыңыз келсе, бағасы 17 $ - 35$ аралығы. Айта кетейін, 80% Американдық күнделікті кроссовки киеді. Өйткені бұл аяқ киім түрі - ең ыңғайлы, ең арзан аяқ киім. Кітаптар жанрына байланысты тағы да сан алуан. Нақты мамандандырылған кітаптар (анатомия, саясат, химия) $30-$100.Ал қарапайым классика $15-$50. Мына бағаларға қарап, мүмкін, шошып отырған боларсыз. Бірақ, есіңізде болсын, АҚШ-та айлықты апта сайын чекпен алады, және айлық ақша салыстырмалы түрде әлдеқайда жоғары. Уәде еткенімдей, барлық бағаларды жазып өттім. Бірақ бұл мен мекен еткен жердің бағалары. Лас Вегас, Лос Анжелес, Маями секілді туристік орталықтармен салыстырмағыз. Тағы сұрақтарыңыз болса, астына қалдырыңыз. Міндетті түрде жауап беретін боламын. Кез келген сұрақ!!!
