Мазмұнға өту

Жаңа

Тышқанның өсиеті

Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың исі шыққан соң, неғылып қойған екен деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Ойлады: қарашы, адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын. Біз сол қулыққа бола қоямыз ба деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:

— Сөйтсе де, айхай майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де биттей ғана жақындап иіскеуге болады ғой,—деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп, тышқанды жаншып тастады.

0
0
835

Ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісі

Бұл мәлімет Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды. Зерттеу қорытындысы күнделікті жарты сағат серуендеу өлім-жітім қаупін 17 пайызға төмендететінін көрсетіп отыр. Зерттеу авторлары 1181 ер адамның денсаулық жағдайы мен өлім-жітім динамикасын бақылап келген. Зерттеу басталған уақытта ер адамдардың орташа жасы 78-ге жуықтаған еді. Әр адамды орташа есеппен бес жыл бақылаған, зерттеу соңына дейін 194 адам көз жұмған. Мамандар итпен серуенге шығу немесе бақшадағы жұмыс сияқты қарқынды физикалық жаттығулар да өлім-жітім қаупін төмендетеді, алайда, мұндай жаттығуларды егде адамдардың бәрі көтере алмайтынын атап өтті. Ал жеңіл дене жаттығуларының өмір ұзақтығына айтарлықтай үлес қосатынын анықталып отыр. Яғни, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, таза а…

0
0
659

Махаббатты қорғау

I Бiз екеумiз жолықтық, Бipaқ тым кеш жолықтық, Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық. Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең, Арқамызда - құзар шың, Алдымызда - өр өзен. Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты, Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты? Ал қайықшы - қиқар шал, Жалынғанмен, не бiттi? Қайығына қабаған итiн байлап кетiптi... Япырай, бiз соншама дәрменсiз боп тудық па? Бойымызда жоқ екен иттi алдайтын қулық та. II Көбелектiң "кеселi" - Тұрақсыздық деседi. Гүлден алған шапағатты ceзiмi Келесi бip гүлге жетпей өшедi. Өз мiнeзi өзiне үкiм кеседi... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Менiң саған айтпағым да осы едi! III Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың, Аққу-арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың. Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алм…

0
0
1071

ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана

Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам... Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде: Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде, Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс, Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс? Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру, Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру. Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін, Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің. Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне, Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе. Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған: Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған? Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де, Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде…

0
0
862

Қыз алып қашқаны үшін 12 жыл түрмеде отыруы мүмкін

Қорғаушы Асел Тоқаева қалыңдық ұрлауды адам ұрлаумен теңестірмеуді сұрады. "Қазақстан адвокаттар" тобының заңгері Руслан Шағатаев өз әріптестеріне жолдаған сөзінде, оның клиентінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлімі, 1, 3-тармақтары (алдын ала жоспармен топ болып адам ұрлау ) бойынша айыпталып жатқанын айтты. "Менің қорғалушым жауапсыз махаббаттан өзінің сүйіктісін жоғалтуға қорқып, оны қазақтың дәстүрі бойынша алып қашуға бел буады, қызды үйіне алып келіп, ата-анасымен таныстырып, өзінің жары еткісі келеді. Досынан көмек сұрайды, досы тағы үш досын шақырады. Осылайша, соңғы төртеуі қызды жұмыс орнынан алып қашып, жігіттің үйіне алып келеді. Ал 40 минуттан кейін полиция келеді. Алып қашу кезінде ешқандай күш қолдану болмаған. Үйде жәбірленуші жігітке бас салып,…

0
0
1003

Сәтемір хан

Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай-Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа - екеш құмырсқа да тынбай жұмыс істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды.Қалада бір зор білімді, оқым…

0
0
951

Қарға мен құрт

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.

Қарға тағы «уһ!» деді.

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.

0
0
741

Жұмыссыздық бойынша төлем кімге тиесіл және оны қалай алуға болады?

Қазақстанда жұмыссыздар деп танылған тұлғаларға жұмысынан айрылу төлемдері тағайындалады. Егер сіз жұмысыңызды жоғалтып алсаңыз және осы төлем түріне үміткер болғыңыз келсе, Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде дереу тіркелуіңіз керек.Төлемнің осы түрін алу мерзімі 1 айдан 4 айға дейін. Қызметкерлерді қысқарту, ұйымды тарату немесе өндіріс көлемін қысқарту үшін жұмыстан босату жағдайында төлем кезеңі 6 айға дейін көбейтіледі.Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу ережелері мен оларды жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.Төлемді алу үшін қайда бару керек- жұмы…

0
0
1816

Қазақстаннан білікті мамандар кетуде

2017 жылы елден 37,7 мың адам кеткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% -ға көп, ол кезде елден30,1 мың адам кеткен еді. Көптеген қазақстандықтар ТМД елдеріне кеткен - 33,7 мың, басқа елдерге - 4 мың адам.Қазақстаннан кеткен білікті мамандардың үлесі 54% -ды немесе 20,4 мың адамды құрады, бұл кәсіби мамандардың кетуі 17,4 мың адамды құраған 2015 жылға қарағанда 17% -ға артық.Қазақстанға 16,1 мың адам ғана (ТМД-дан 11,6 мың адам, басқа елдерден 4,5 мың) келген, бұл 2015 жылға қарағанда 3,5 пайызға аз (16,7 мың адам).Сонде елге келген адамдар мен кеткен адамдар айырмашылығы 21,6 мың адамды құрады, 2015 жылы - 13,4 мың адамды құрады.Елге келген білікті кадрлар 2017 жылы 5,8 мың адамға жетті, бұл 2015 жылға қарағанда 15% -ға аз. Олардың үлесі Қазақстанға келушілердің жалпы санының 36%, 2015…

0
0
455

Елбасы жаңа қазақ әліпбиін бекітті

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Ақпарат көзі

0
0
749