I'm a singer Қазақстанда
«31-арна» «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Биыл байқаудың жүлде қоры 50 000 000 теңге құрамақ! Кеңестік кезеңнен кейінгі аймақта теңдесі жоқ бұл ерен жоба бұрынғысынша бүкіл әлемнің ең мықты кәсіби әншілерін өз алаңында жинамақ.2018 жылдың 28 мамырында Қазақстан Баспасөз клубында «31-арнадағы» «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының іске қосылуына орай баспасөз мәжілісі өтті. Баспасөз мәжілісінің ұйымдастырушылары және қатысушылары 31-арнада «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымына дайындығы жайында жаңалықтарымен бөлісіп, жобаға қатысу үшін ресми кастингтің басталғанын хабарлады.Биыл байқау төрешілерінің құрамына шынымен де нағыз жұлдыздар кіретін болады. Б…