ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

I'm a singer Қазақстанда

«31-арна» «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Биыл байқаудың жүлде қоры 50 000 000 теңге құрамақ! Кеңестік кезеңнен кейінгі аймақта теңдесі жоқ бұл ерен жоба бұрынғысынша бүкіл әлемнің ең мықты кәсіби әншілерін өз алаңында жинамақ.

2018 жылдың 28 мамырында Қазақстан Баспасөз клубында «31-арнадағы» «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының іске қосылуына орай баспасөз мәжілісі өтті. Баспасөз мәжілісінің ұйымдастырушылары және қатысушылары 31-арнада «I`m a singer Kazakhstan» халықаралық талант-шоуының екінші маусымына дайындығы жайында жаңалықтарымен бөлісіп, жобаға қатысу үшін ресми кастингтің басталғанын хабарлады.

Биыл байқау төрешілерінің құрамына шынымен де нағыз жұлдыздар кіретін болады. Баспасөз мәжілісінде келесі тұлғалар сөз сөйледі: Қожахметов Бағдат Болатжанұлы – «31-арна» бас директоры, Сәкен Майғазиев – танымал әнші, «I`m a singer Kazakhstan» шоуының сарапшысы.

Жобаның бірінші маусымы көрермендердің кең сүйіспеншілігіне бөленіп, әлемнің алты елінде таратылып, шоуды 200 миллионнан аса адам тамашалады. «I`m a singer Kazakhstan» шоуы қамтыған аумағы мен ауқымы, жалпы шоудың ұйымдастырылу, өткізу сапасына қойылған жоғары стандарттары жағынан қазақстандық нарықтың алдына биік белесті белгілеп берді. Рейтингтер көрсетіп отырғандай, шоу көрермендердің де, ұйымдастырушылардың да көңілінен шықты.

«Осы жоба арқылы біз қазақстандық телевизияны ел аумағынан тысқары аймақтарға шығарып, көрерменнің жоғары бағасына ие болдық, - дейді «31-арна» бас директоры Бағдат Қожахметов. – Бірінші кезекте, біз әрдайым көрермендеріміздің қызығушылықтарын ескеруге тырысамыз. Бірінші маусым қорытындысы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде шоу жанкүйерлерінің тілек-қалауларын, олардың көңіліне не жақын екенін анықтадық. Біз осыларды ескеріп, жаңа маусымда жоба форматын жетілдіріп, байқау және көрермендердің дауыс беру концепциясын өзгерттік. Шоуды өткізіп, хабар тарату үшін үлкен шығармашылық және техникалық, адами қорлар жұмысқа тартылады. Біз көптеген нәрсені үйреніп, жетіліп, көрермендеріміздің тілектеріне құлақ салдық. Демек, жаңа маусым бұдан да көп қазақстандықтарды таңқалдырады деген сөз. Интриганы күтіңіз, ол міндетті түрде болады!».

«Жүлде қоры бірінші, екінші және үшінші орын арасында үлестіріліп, жалпы сомасы 50 000 000 теңге құрамақ. Бас жеңімпаз Алматыда жеке концертін өткізіп, жаңа әнін жазып, бейнебаян түсіруге және оны қазақстандық радиостанцияларда, музыка телеарналарында жыл бойы ротациялауға мүмкіндік алады», - деп бөлісті шоу жаңалықтарымен байқау төрешісі Сәкен Майғазиев.

Жобаға қатысу үшін singer.31.kz сайтында анкета толтыру қажет. Өтінімдер 2018 жылдың 28 шілдесіне дейін қабылданады.