Алаштың ұлы - Бекмұхамет
Бекмұхамет Құсайынұлы 1892 жылы Омбы облысында, Омбы өзенінің бойына орналасқан Полобин деген ауылда дүниеге келген. Бекмұхаметтің әкесі Құсайын орта шаруа иесі болса керек. Жағдайы төмендеп кеткесін ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы атақонысынан Омбы қаласынан 25 шақырым жердегі Обь өзенінің бойындағы Полобинка ауылына көшіп барып, сондағы бай-кулактардың малын бағып күнелтеді.Ғалия медресесінде оқыған 76 адамның ішінде Бекмұхамет те бар. Медреседе оқып жүрген кезінде Башқұрт ақыны Ш.Бабич екеуі «Шытымыр» атты сатиралық журнал шығарады. Бұл қазақ оқырмандарына арналған тұңғыш сықақ журналы еді. «Айқап», «Қазақ» газеттерінде өлеңдер, мақалалар жариялайды. Омбы гимназиясын бітіріп шыққан соң, мұғалімдік қызмет атқарады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне біркісілі…