Қазығұрттағы көкпар той
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ұлттық ойын - Көкпардан облыстық турнир өтті. Қазығұрт десе бірден қымыз бен көкпар еске түседі. Көкпардың отаны саналғасын ба, көкпар уақыты басталғалы қазығұрттық көкпаршылардың тақымы қызып шыға келеді. Қазығұрт ауданының 90 жылдығы мерекесін көкпармен бастауының да себебі сол болар.Туринирді кезінде көкпаршыларды Кеңес одағының чемпионы болған, республиканың бірнеше дүркін чемпионы, ардагер көкпаршы, алтынтөбелік Имашев Мадияр көкеміз бастап шығып, батасын берді.Ардагер көкпаршы Имашев Мадияр аға көкпаршыларды бастап келедіКөкпардың командалық түрінен бірнеше ауданнан келген командалар жүлде бөлісті.Қазығұрттық және отырарлық командалар серкеге талас үстіндеӘсіресе, алтынтөбелік Қуан Төлеев досым бастаған қазығұрттық команда көзге…