Қаратөбе ауданындағы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі түсіндірілді
2018 жылдың 10 қазанда Қаратөбе аудандық әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті директорының орынбасары М.Нұртазиннің қатысуымен мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер туралы, факторлық-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеу жүйесі туралы аудандық мекемелердің мемлекеттік қызметшілерімен жиналыс өтті.
Жиын барысында М.Нұртазин алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласында орын алуы тиіс өзгерістерді, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау негіздерін, еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы кеңінен түсінік беріп, қатысушыларды таныстырды.
