«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы үш жасқа толмаған баласы бар жұмысшы әйелдерге үстемақы береді
Компанияның көптеген әйел жұмысшылары декреттік демалысының аяқталғанын күтпестен жұмысқа кірісіп жатады. Кәсіпорын басшылығы мұндай әйелдерге қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлер құрамы жөніндегі директорының міндетін атқарушы Вера Терешкина мәлімдеді.
- Вера Вячеславовна, бұл бұйрық компанияда жұмыс істейтін әйел жұмысшылардың барлығына бірдей таралады ма?
- Үстемақыны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлердің тізімдік санына енетін әйелдердің барлығы алатын болады.
- Егер әйелдің үшке толмаған бала саны бір емес, мысалы екеу болған жағдайда үстемақы қалай есептеледі?
- Үстемақы әр балаға беріледі. Басты талап бала үшке толмаған болуы тиіс.
- Үстемақыны алу үшін не істеу керек?
- Үш жасқа толмаған бала күтімі бойынша жалақының сақталуынсыз берілетін демалысын мерзімінен бұрын үзіп, жұмысқа шыққан әйел жұмысшы өзіне «Үш жасқа толмаған баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге берілетін үстемақы» белгілеу бойынша жазбаша өтініш бере алады. Төлем өтініш берілген күннен бастап белгіленетін болады. Үстемеақы алуға еңбекақы төлеу және еңбек ұйымдастыру бөлімінің инженерімен дайындалып, қызметкерлер құрамы жөніндегі директорымен және құрылымдық бөлімше басшысымен қол қойылған өкім негіз деп есептеледі.
- Үстемақы мөлшері барлығы үшін бірдей бола ма?
- Үстемақы мөлшері жыл сайын есептеледі және ағымдағы жылғы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ең төменгі жалақы мөлшерінің 75%-ын құрайды. Үстемақы мөлшері жұмысшының ауысым кестесінде бекітілген жұмыс сағаттарының толық ұзақтығына белгіленеді.
- Вера Вячеславовна, егер әйел жұмысшы қысқартылған жұмыс күні тәртібімен еңбектенген жағдайда, үстеме қалай төленеді?
- Жұмыс уақыты қысқартылған жағдайда үстемақы нақты жұмыс істеген уақытына байланысты есептеледі.
- Қандай жағдайда үстемақы төленбейді?
- Егер үш жасқа толмаған бала күтімі бойынша жалақының сақталуынсыз берілетін демалысын мерзімінен бұрын үзіп, жұмысқа шыққан әйел жұмысшының жалақысы немесе тарифтік мөлшерлемесі жеке тәртіпте көтерілген болса үстемақы тағайындалмайды. Тағы бір айта кететін сәт бар. Егер жұмыс берушінің акті негізінде үстемақы алатын жұмысшыға қатысты тәртіптік жаза қолданылған болса, акт шығарылған айда оған үстемақы төленбейді.
#arcelormittaltemirtau
#арселормиттал темиртау
