Мазмұнға өту

Жаңа

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Michel Pépé - La Vision Du Coeur

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын,

Қайта орал деп мен саған, жалынбаймын.

Бар білерім сөйлейді санам осылай,

Бірақ жүрек аңсайды-ау, сені қимай.

Ақымақ сезім, түсінбейді, жоқ десем,

Мазамды алады, күндіз-түні, қой десем.

Әні кетіп барады, мені сүйген,

Қоштасуды тағдырым, маған түйген.

Көндіремін мен қалай, сезімімді,

Елес көктем, ұсынбашы сен гүлді.

Мейлі енді, босатайын көңілімді,

Бірақ сезім, жылап қалған секілді.

1
0
647

Шетелде тұратын қазақстандықтар үшін тіл үйрету курстары іске қосылады

«Одандастар» қорының мәліметтері бойынша, тараптар шетелдік отандастардың қазақ тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тиімді тіл саясатын жүзеге асыруға қатысуға келісті.«Отандастар» Қорының бірінші вице-президенті Талғат Әдуов қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен қазақ тілінде қашықтан оқыту курстары шет елде тұратын отандастар үшін ашылатындығын атап өтті. Оқыту Skype арқылы онлайн режимінде өтеді.«Біз әрбір ел мен қалада барлық мүдделі қазақстандық этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта боламыз. Олардың көмегімен интерактивті тақтамен жабдықталған қазақ тілінің арнайы кабинеттерін ұйымдастырамыз. Бұл жексенбілік мектептер желісі болады, онда оқушылар өзін-өзі зерттеуден басқа, бірге жиналып, араласып, таныса алады. Кез келген уақытта офистен тыс тілд…

0
0
434

Жоғарғы сапалы жоғарғы білім – бәсекеге қабілеттілік негізі

Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы КСИС халықаралық зерттеулер бөлімінің зерттеушісі Құмбат Нұрғалиева білдірді.«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде азаматтар үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, әлеуметтік шығындарды көтеру және осал топтарға көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты білім беруді жетілдіру мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі элементтерінің бірі болып табылады», - деді Қ.Нұрғалиева.Сарапшының айтуынша, жоғары оқу орындарында сапалы білім беру жоғары білікті мамандарды қалыптастырудың кепілі болып табылады.«Бұл бағытта Қазақстан Үкіметі бірқатар шаралар қабылдайды. Өткен жылы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында жоғары білім алуға 20 мың қосым…

0
0
417

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Roybenbeat Music «Love»

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние,

Жер бетіне неге келдім, не үшін?

Жүрегіме, айтшы неге тіл бердің,

Қасиетті қаламның, беріп күшін.

Қайран дүние, жалтырап шақырасың,

Талайларды, жолыңнан тайдырасың.

Мен де соның бірімін, арман қуған,

Тіршілікке салынып, уақыт құртқан.

Іздеймін-ау жалқаулықтан мен себеп,

Ақталамын несіне, пендемін деп.

Жиған-терген дүнием, артта қалар,

Ақыретте иманым, досым болар.

Бұл дүниеге білемін, келдім туып,

Өмірімді, кетермін бір күн қиып.

Жүре берсем осылай, дүние қуып,

Тоқтар менің жүрегім, сөзін тиып.

0
0
1208

Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының қызметі инспекцияланды

2019 жылы 5 наурызда "Ақжайық-адалдық алаңы" жобасының со-кураторы, жобалық кеңсенің басшысы мен қызметкерлері БҚО арнайы мониторинг тобының мүшесі Б.Лавреньевтың және БҚО білім басқармасы басшысы Ш.Қадырованың қатысуымен БҚО әкімдігі білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" МКМ–не инспекциялау жүргізді.Инспекциялау барысында Орталықтың үй-жайына, медициналық кабинетіне және асханасына көзбен шолу жүргізілді, балалардың тамақтану режимі қаралды. Сонымен қатар педагогикалық, медициналық және техникалық қызмет көрсету персоналының жұмысы, қиын өмірлік жағдайда жүрген балаларды ұстау, тәрбиелеу және әлеуметтік оңалту жағдайларымен танысты.Инспекциялау қорытындысы бойынша Орталықтың қауіпсіздік құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілгені анықталды, осыған байла…

0
0
329

Үмітті құрдым, ақ таңға...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Нуржан Тажикенов «Сағыныш»

Бейнематериал авторы – Елена Кошевая

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Үмітті құрдым, ақ таңға,

Отаным, жылап жатқанда.

Дақ түсті, қалай ақ қарға,

Кінәлі кімдер, қарға ма?

Үміттің таңы, атқанда

Ынтымақ туып жатқанда.

Қу жылан кіріп араға,

Шаштыма уын далаға?

Қарғаға туған, жарық күн,

Оралар түнге бір күні.

Халықтан, шыққан зарлы үн,

Естілмей қалса, сол күйі.

Жыласа елім, сол қайғы,

Қасіреттен мүлдем шыға алмай.

Аман бол, алтын бесігім,

Мәңгілік саған, тілерім.

1
0
547

Алғыс айту күніне орай «Адалдық дүкені» ашылды

Орал қалалық жалпы білім беретін №2 мектеп базасында Алғыс айту күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға Департаментінің бас маманы Р.Мұратов, мектеп директоры мен ұстаздары, ардагер ұстаздар және оқушылар қатысты.

Шара барысында «Адалдық дүкені» салтанатты түрде ашылып, оның маңыздылығына тоқталды. Алғыс айту күніне орай ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері ардагер ұстаздарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.

0
0
360

Сайлауға дайындық!

Оу халайық, ақылдарымызды тауыпСайлауға бір кісідей - баралық!?Естідіңдер ме, шұғыл түрде сайлау болат дейтНеге осы барлық жерде, сайлау екі жыл жүретАл бізде, апай-топай екі айда жоқ қылатБейне бір шайтаннан қашқандаймызӘзір, сайлаудың мерзімнен бұрын болатынынАйтпай –ақ, сезетін болдықҚалай ел басы, халыққа жолдау тастайтСолай өп-өтірік, ұлы талап қойып,Өмірі тоймайтын ашкөздігімен тығылат, мәңгілікке жаңғыруҰқсайт, арамдығы мен дүние қоңыздығын жасыруАл, үкімет билігін, кабинетімен ауыстырсаӨзі істеткен тірлігін, мен емес анау деп - жалған шыңғыруАқылды болса, кайақта болды, ақылсыздықты түзеу міндеті емес пе!?Шамалы ақылы болса, екі өкпесін қолына алыпДозөаққа жүгірмейт, дозаққа итеріп, өзі тірі қалат!!??Қай жерінен ақылын көріп тұрсыңдарАйтсаңдаршы, менде көрейін, түрі жаманӨз ұрпағы…

0
0
1241

Білесің ғой, мен сені, сағынамын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Босатпайық, енді бүгін көңілді,

Бақыттымыз, біле білсең өйткені.

Жылдап келіп сақтаған, бұл сезімді,

Жылатпайық жүдетіп, біз ендігі.

Білесің ғой, мен сені, сағынамын,

Бір ойымнан, күндіз-түні шығармай.

Оңай емес, сарқылып таусыламын,

Бар әлемде, жалғыз өзім қалғандай.

1
0
712