Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Roybenbeat Music «Love»

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние,

Жер бетіне неге келдім, не үшін?

Жүрегіме, айтшы неге тіл бердің,

Қасиетті қаламның, беріп күшін.

Қайран дүние, жалтырап шақырасың,

Талайларды, жолыңнан тайдырасың.

Мен де соның бірімін, арман қуған,

Тіршілікке салынып, уақыт құртқан.

Іздеймін-ау жалқаулықтан мен себеп,

Ақталамын несіне, пендемін деп.

Жиған-терген дүнием, артта қалар,

Ақыретте иманым, досым болар.

Бұл дүниеге білемін, келдім туып,

Өмірімді, кетермін бір күн қиып.

Жүре берсем осылай, дүние қуып,

Тоқтар менің жүрегім, сөзін тиып.

0
0
1142

Осы тақырып бойынша