Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелде тұратын қазақстандықтар үшін тіл үйрету курстары іске қосылады

«Одандастар» қорының мәліметтері бойынша, тараптар шетелдік отандастардың қазақ тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тиімді тіл саясатын жүзеге асыруға қатысуға келісті.

«Отандастар» Қорының бірінші вице-президенті Талғат Әдуов қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен қазақ тілінде қашықтан оқыту курстары шет елде тұратын отандастар үшін ашылатындығын атап өтті. Оқыту Skype арқылы онлайн режимінде өтеді.

«Біз әрбір ел мен қалада барлық мүдделі қазақстандық этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта боламыз. Олардың көмегімен интерактивті тақтамен жабдықталған қазақ тілінің арнайы кабинеттерін ұйымдастырамыз. Бұл жексенбілік мектептер желісі болады, онда оқушылар өзін-өзі зерттеуден басқа, бірге жиналып, араласып, таныса алады. Кез келген уақытта офистен тыс тілді үйрету мүмкіндігіне қарамастан, біз дербес кеңістікті ұйымдастыруды қажет деп санаймыз», - деді Талғат Адуов.

Өз кезегінде Мемлекеттік тілдерді дамыту қорының жетекшісі Азат Шауев шетелде тұратын отандастар үшін инновациялық әдістерге негізделген қазақ тілін үйренудің тиімді жүйесі әзірленіп жатқанын айтты.

«Бізде Soyle.kz порталы негізінде қашықтықтан оқыту тәжірибесі бар. Бұл Қазақстандағы интернет арқылы қазақ тілін оқып, танымал етудің алғашқы тегін жобасы. Ол кең ауқымды зерттеулер, талдау және осы мәселе бойынша басқа елдердің тәжірибесін таныстыру нәтижесінде енгізілді. Сондықтан біз бұл іске аса мұқият боламыз. Мысалы, шетелдік отандастарымыздың ыңғайлылығы үшін біз порталдың ағылшын-латын тіліндегі нұсқасын жасадық. Енді қазақ тілін латын әліпбиімен оқуға болады», - деп түсіндірді Азат Шауев.

Бұдан басқа, келісім тіл саясаты саласындағы іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруды, электрондық ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін отандық сайттар жұмысына жәрдемдесуді, сондай-ақ шетелде тұратын отандастар үшін қазақ тіліндегі оқулықты әзірлеуді көздейді.

0
0
381

Осы тақырып бойынша