Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының қызметі инспекцияланды

2019 жылы 5 наурызда "Ақжайық-адалдық алаңы" жобасының со-кураторы, жобалық кеңсенің басшысы мен қызметкерлері БҚО арнайы мониторинг тобының мүшесі Б.Лавреньевтың және БҚО білім басқармасы басшысы Ш.Қадырованың қатысуымен БҚО әкімдігі білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" МКМ–не инспекциялау жүргізді.

Инспекциялау барысында Орталықтың үй-жайына, медициналық кабинетіне және асханасына көзбен шолу жүргізілді, балалардың тамақтану режимі қаралды. Сонымен қатар педагогикалық, медициналық және техникалық қызмет көрсету персоналының жұмысы, қиын өмірлік жағдайда жүрген балаларды ұстау, тәрбиелеу және әлеуметтік оңалту жағдайларымен танысты.

Инспекциялау қорытындысы бойынша Орталықтың қауіпсіздік құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілгені анықталды, осыған байланысты орталық директорына қазіргі заманғы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру және штат санына күзетші лауазымын қосу туралы ұсыныстар берілді.

0
0
291

Осы тақырып бойынша