Тілшілер байқауы: Тәуелсіз тілді тілшілер өсіп келеді
Қынабынан қыл суырғандай өткір тілдері тас жаратын тілшілер бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған сайыс жылдағыдан тым ерек. Себебі, өлкеден алған өңір туралы бейнеролик көрсету бұрын-соңды болмаған-ды. Сонымен қатар, ұстаздар арасында жеребе тартылып, сарапшы анықталды.Бірнеше команда бас қосқан шара таңмен таласа басталды. Әуелгіде тіркеуден өткен топтардың реттік сандыры анықталып, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері бірнеше концерттік номерлар ұйымдастырды. Бірінші кезең таныстыру айналымында әр топ өз оқу орындарын таныстырып, «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында дайындалып әкелінген журналистік шеберлігін бейне ролик көрсетілді. Артынша команда қатысушылары эссе байқауы бойынша сыңға түсті. Түс ауа Павлодар қаласының көрікті жерларін ара…