Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков тікелей эфирде сөз сөйледі
Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков «Қостанай-Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің тікелей эфирінде сөз сөйледі.
2019 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00 - де "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ басшысы М.Т. Мұратбеков "Facebook" (Qostanai Adaldyq Alany), "Instagram" (qostanai_adaldyg_alany) әлеуметтік желілері арқылы "Қостанай-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тікелей эфирінде сөз сөйледі. Бұл бастама азаматтар мен халықтың мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар болуын арттыруға және олармен кері байланыс орнатуға бағытталған.
Тікелей эфирде М.Т. Мұратбеков Департаменттің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-әрекет етуге бағытталған іс-шараларға назар аударды. Тікелей эфир кезінде келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
