Электронды форматта көрсетілетін қызметтердің үлесі артты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап Департаменттің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында баяндап берді. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті. Атап айтсақ,мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) жоғары оқу орындарын үздік нәтижелермен аяқтаған түлектерге бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз уәкілетті органның келісімін ала отырып тікелей тағайындалу мүмкіндігі берілді. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, с…






