Мазмұнға өту

Жаңа

Сарықопа

Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны айтасыз-ау, тіпті Украинада да Сары деген деревня бар екен. Қызық! Айтқандай, баяғы Поле половецкое, яғни Дәшті қыпшақтың да мағынасы сары ғой, әріге бармай-ақ қояйын, бірақ, келесі әңгімеміз - сар даламыздағы Сарықопа туралы болмақ.Әлқисса, сонымен, 2019 жылғы 7 шілде күні «Алтын Дала» резерватының «Тосынқұм» (тағы бір қызықты айтайын, Тосын кейде Сары Тосын деп те аталады) учаскесін аралап болған соң (резерват қызметкелер…

1
0
3667

Тосынқұм

Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып келдік, бірақ, әдеттегідей уақытымыз тығыз болды. Сөйтіп, 2019 жылғы 7 шілде күні түстен кейін «Алтын Дала» резерватының «Тосынқұм» учаскесіне жол тарттық. Жалпы, сырттың адамы Торғай жерін көріп, бәрі бірдей боз дала деуі мүмкін, бірақ, мен мысалы, Ұлы Жыланшық жағының, Сарықопа бөлігінің, Тосынқұм жерінің айырмашылығын бірден байқадым. Қазақ даласының Торғай секілді ұланғайыр аймағының табиғаты әртүрлі болуы з…

2
0
3029

Туған жер - Торғайым!

Туған жер - Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға шақырылдық. Тағы да мақтанғандай боламын-ау, бірақ Торғай қазақтарының қонақжайлылығы да ерекше ғой, кеше ғана Көкалат ауылында Талғат інім алдымызға сүр қосылған жас марқаның етін дайындатып қойса, енді алдымызға бұқпа келді, ал, елдің қымызы мен құрты қандай тамаша еді! Біз әрине, тек қымыз ішіп, ет жеуге келген жоқпыз, мақсат, өңірдің туризмін дамыт…

0
0
2705

Смағұл әкемнің жездесінен кек алуы

Смағұл әкемнің жездесінен кек алуы! Менің атам Аянбайдан 5 ұл, 2 қыз туыпты. Ұлы шешеміз екі қызды қатарынан бірінен кейін бірін тауып, артынан Қожайт, Смағұл, Әмірхамза, Әмірәлі, Сәду деген 5 ұл дүниеге келіпті. Аянбай атамыз көзі тірісінде қатар өскен екі қызын Тәни, Шәнтиді көршілес отырған қаз руына ұзатыпты. Осы екі қыздың үлкені Тәни деген апамызды Қаз Сарбас деген кісіге ұзатыпты. Сарбастан Ерболсын, Төлеу деген екі ұл туады. Апамыз Сарбасқа барғаннан кейін ол бірте-бірте байып, 5-6 жылдың ішінде ауқатты болады. Енді Сарбас әбден байығаннан кейін болыстыққа шарға түседі. Бірақ өтпей қалады. «Қазақ байыса, қатын алады, сарт байыса, там салады» дегендей жездеміздің көңіліне желік бітіп, бір кедейдің жас қызын тоқалдыққа алады. Бұл хабарды естіген Аянбай балалары апамыздың үстінен Сар…

0
0
848

Туған жер – тұғырың!

Туған жер – тұғырың! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні таңертең Арқалық қаласының вокзалынан таксиге отырып, Амангелді кентіне келген едік. А.Иманов атындағы мемориалдық музейді аралап болған соң, «Бистро» атты дәмханадан түскі асымызды ішіп, «Алтын Дала» резерватының офисіне бардық. Мұнда біз қорық басшылығымен жолығып, жеделдетіп аталған резерваттың «Ұлы Жыланшық» учаскесіне жол тарттық. Бұл түске таманғы уақыт еді. Бізді тиісінше учаскеге кіре берісте резерват қызметкерлері күтіп алып, өздерімен бірге алып жүрді. Олардың бекеттеріне соқтық, тұрмыс жағдайларымен таныстық. Асқа шақырып еді, рахметімізді айтып, тек құдықтың тастай әрі дәмді суын ішіп (уақытымыз тығыз ғой) жылжи бердік. Алдымыздан әуелі киіктер шықты, бір емес, бірнеше рет көрінді. Бір рет мынадай жағдайға куә болдық. Тура…

0
0
1810

Ұлы Жыланшық - киелі жер

Ұлы Жыланшық – киелі жер! Ұлы Жыланшық жеріне менің іңкәрлігім ерекше, өзі әуелден осылай. Шынымды айтсам, біріншіден, бұл өзеннің бойы, дұрысы орта ағысы біздің ата-бабамыздың киелі мекені. Бас жағы боса болмаса қазақтың тағы бір киелі жері – Ұлытау жағы, Ұлы Жыланшық бастауын Ұлытау тауларынан алып, жолай қар суымен қоректенеді, көктемде «қызыл су» жүргенде тіпті өткел бермей кетеді, ал, аяғы өзіміз бала кезден білетін Ахаңның – Ахмет Байтұрсыновтың елі. Аққұм жері арқылы Ақкөл көліне құяды. Алдыңғы жылы Ақкөлді айналып шығып едік, аумағы 60 шақырым болған шығар. Айтқандай, Ахаңның «Аққұм» атты әнін білмейтін торғайлық ағайындар жоқ. Қызыл көменестер заманында да Ахаңның аты тура аталмаса да, жадымыздан тіпті өшкен жоқ. Халықтың, елдің оған құрметі өте жоғары еді. Біздің Іңкәр атты апам…

0
0
2890

«Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауы!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауын өткізеді.Байқаудың негізгі мақсаттары:- жастардың шығармашылық ізденістерін арттыруға көмектесу; - жас жазушылардың, ақындардың, журналисттердің және басқа да санаттағы жастардың дағдыларын жетілдіру;- жаңа есімдерді анықтау, олардың шығармашылығын қолдау, тәуелсіз елдің жетістіктерін, оның тарихи өткенін және жарқын болашағын даңқтау;- жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және басқа да санаттағы жастардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.Байқауға қатысуға еліміздің барлық аймақтарының 14 пен 29 жас аралағындағы бар…

0
0
1257

Қазақстаннан тыс жерлерде қазақ күресін насихаттауды жалғастырамыз - Қанат Бозымбаев

Бүгін QAZAQ QURESI Халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев БАҚ үшін жаңа жобалар жайлы айтты.- Қанат Алдабергенұлы, Польшаның Вроцлав қаласында Qazaq Kuresi Еуропа чемпионатыаман-есен, сәтті өткіздіңіздер. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен халықаралық федерация қазақ күресінен шетелде жаңа беделді турнирлер өткізуді жоспарлап отыр екен. Бұл туралы толығырақ айтып беріңізші.- Біз Қазақстаннан тыс жерлерде қазақ күресін насихаттауды жалғастырамыз. Осы мақсатта Азия және Әлем чемпионаты жоспарлануда. Азия чемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңіне көштік. Қазірдің өзінде федерациялардан өтінімдерді қабылдап жатырмыз, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген сияқты параментрлермен таңдау жүргізіп, ұйымдастыру мә…

0
0
339

Халық тарихшылармен кездескісі келеді

Ұлттық тарихи жад және тарих ғылымы. Бір қарағанда күрделі тақырып көрінеді. Не қызық бар осында деп ойлауыңыз да мүмкін. Қателесесіз.Тарихи жад бәрімізде бар. Соның бар екенін ойға алмайтынымыз өкінішті. «Арыс оқиғасын» еске алыңызшы. Халық алдымен баланы құтқаруға ұмтылды. Солай істеді де. Міне, қалғып кеткен тарихи жад оянды. «Оян» дегенде осы тарихи жадты ояту туралы айтсақ қой.Қазығұрт ауданында өткен жиында Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің бастамасымен облыс аудандарында «Тарихи сананы жаңғырту» атты дәрістер басталды. Алғашқы дәріс Қазығұрт ауданының Мәдениет үйінде өтіп, алғашқы жиында осы «Тарихи жад» тақырыбы туралы кеңінен әңгіме болды. Лекторлар сөйледі, тарихи жад ұғымын ғылыми негіздеп түсіндірді. Жиналғандар іргесі сөгілмей ұйып тыңдады. Қиын тақырып, керек емес дүн…

1
0
547

АӘК тағайындаудағы бұзушылықтар жұмыспен қамту орталықтары мен учаскелік комиссиялардың атүсті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.Еңбек министрі қала және аудан әкімдерінің, жұмыспен қамту, әділет, мемлекеттік кірістер басқармалары мен бөлімдерінің, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ және жұмыс берушілердің қатысуымен әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Үкімет пен облыс әкімдеріне бірқатар маңызды міндеттер жүктеген болатын. Негізгі мәселе - Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және уақытылы жалақы төлеу. Мемлекет көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен…

0
0
276