"Мүшәйра" Республикалық жас ақындар байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі
30 қазан күні, сағат 15: 00-де, Қазмедиа Орталығының киноконцерт залында, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында, "Мүшәйра" Республикалық жас ақындар байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл жобаға 14-29 жас аралығындағы еліміздің түпкір-түпкірінен 336 өтінім түсіп, 230 адам қатысты. Байқаудың тақырыбы - "Қазақстандағы жастар жылы" болғандықтан, жас ақындар бар өнерін ортаға салды. Байқаудың іріктеу кезеңінен Республиканың әр өңірінен жүзден жүйрік атанып 50 ақын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. 30 қазанда аталған конкурстың нәтижелері жарияланады. Бұл жобаның мақсаты жастардың шығармашылық ізденісін арттыруға ықпал ету, жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және басқа…