Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауы!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

- жастардың шығармашылық ізденістерін арттыруға көмектесу;

- жас жазушылардың, ақындардың, журналисттердің және басқа да санаттағы жастардың дағдыларын жетілдіру;

- жаңа есімдерді анықтау, олардың шығармашылығын қолдау, тәуелсіз елдің жетістіктерін, оның тарихи өткенін және жарқын болашағын даңқтау;

- жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және басқа да санаттағы жастардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.

Байқауға қатысуға еліміздің барлық аймақтарының 14 пен 29 жас аралағындағы барлық азаматтары өтінім бере алады. Өтінімдер 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жүзден жүрік шыққан 50 жас ақын 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық кезеңде бақ сынасатын болады.

Толық ақпаратты www.mushaira.kz немесе 8 (702) 976 39 25 телефоны арқылы алуға болады.

0
0
1215

Осы тақырып бойынша

«Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауы! - Yvision.kz